08:14, 29 Қараша 2015 | GMT +5
Түркияда 4,9 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның орталық бөлігінде 4,9 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметі хабарлайды, деп жазады ТАСС-қа сілтемемен 24.kz.

Жер сілкінісінің орталығы Хекимхан қаласының солтүстік-батысынан (елдің шығысындағы Малатья провинциясы) 16 шақырым қашықтықта орналасса, ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.