Түркияда автобус апатында 16 ресейлік қаза болды

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Түркияда туристер мінген автобустың өзенге құлауының салдарынан 16 ресейлік қаза болды, тағы 25 РФ азаматы жарақат алды. Төтенше оқиға бүгін таңертең мәскеу уақыты бойынша 06:30-да орын алған:
None
None

Анталиядан Памуккалеге бара жатқан автобустың жүргізушісі рульде ұйықтап қалып, соның салдары осындай қайғылы оқиғаға әкелген.

Оқиға салдарынан автобус 15 метрлік биіктіктен Ақсу өзеніне құлап кеткен. Қазір қаза болғандардың тұлғаларын анықтау амалы жүріп жатыр, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Жаралыларды жеткізу үшін РФ Төтенше жағдайлар министрлігі Президент Дмитрий Медведевтің тапсырмасы бойынша Анталияға ұшақ жөнелткелі отыр. Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-те Раменское аэродромынан Анталияға жаралыларды тасымалдауға арналған бес арнайы медициналық модульмен жарақталған Ил-76 ұшағы аттанады. Түркияға сондай-ақ, бір топ дәрігер мен психологтар да барады.

Соңғы жаңалықтар