12:07, 08 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Түркияда автобус аударылды: 5 адам қаза тауып, ондағаны жарақаттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда Анкара - Ақсарай автомагистралінде жолаушылар автобусы аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Haberturk телеарнасына сілтеме жасап.

Ыстанбұлдан шыққан автобус Адыяман қаласына бара жатқан. Ақсарайдан 15 шақырым жерде жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аударылған. Апат салдарынан кем дегенде 5 адам қаза тауып, қырықтан астамы зардап шекті.
Оқиға орнына шұғыл медициналық жәрдемнің көптеген бригадалары аттандырылды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер мен полиция дереу жеткен. Жарақаттанғандар ауруханаға жеткізілді.
Апаттың нақты себептері туралы әзірге егжей-тегжейлі ақпарат жоқ. Тергеу амалдары жүріп жатыр.