Түркияда бүгін түнде 5 балдық жер сілкінісі болды

None
Фото: ekonomigundemi.com.tr
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 5,0 балдық зілзала тіркелді. Бұл ҚазАқпарат Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат бойынша, зілзала ошағы 4 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады.


Соңғы жаңалықтар
telegram