Түркияда инфляция бойынша деректер жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Түркиядағы жылдық инфляция шілдеде 31,75%-ға дейін баяулады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі.
Түркия статистика институты (TÜİK) шілде айындағы инфляция туралы деректерді жариялады. Есепке сәйкес, тұтыну бағалары маусым айымен салыстырғанда 1,78%-ға өсті, ал жылдық инфляция 31,75%-ға дейін төмендеді.
Жылдық бағаның ең үлкен өсімі тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және энергия тасымалдаушылары (40,32%), азық-түлік және алкогольсіз сусындар (37,53%) және көлік (30,83%) санаттарында тіркелді.
Шілде айындағы деректер жарияланғаннан кейін жалдау ақысының ең жоғары индексациясының көлемі анықталды. Тамыз айында тұрғын үй және коммерциялық бөлмелерді жалдау ақысының ең жоғары өсімі 31,9%-ды құрайды.
Мысалы, егер жалға алушының жылдық жалдау ақысын қарау күні 2026 жылдың тамыз айы болса, тұрғын үй немесе коммерциялық мүліктің иесі жалдау ақысын 31,9%-дан артық көтере алмайды.
Алайда 31,9%-дың міндетті түрде өсу емес, 12 айлық орташа инфляцияға негізделген жоғарғы шегі екенін түсіну маңызды. Тараптар аз өсімге келісе алады, бірақ бұл көрсеткіштен аспауы керек.
Осыған дейін елімізде инфляция қарқынының төмендеуі байқалғанын жаздық. Қандай тауарлар мен қызметтер арзандағанын мына жерден оқи аласыз.