Түркияда Қазақстан азаматы қаза тапты — СІМ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурызда Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында Қазақстан азаматы қаза тапқаны туралы хабардар екенін мәлімдеді.

с
Фото: pixabay

— Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурызда Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында Қазақстан азаматына қатысты оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзыретті органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы марқұмның туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп жатқанын және мәселе толық бақылауда екенін айтты.

Еске сала кетейік, Самара маңындағы жол апатынан екі қазақстандық қаза тапқанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар