15:40, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
Түркияда қытайлық туристер мінген автобус апатқа ұшырады
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - 15 ақпан, жұма күні Қытай туристері мінген автобус ылғалды жолда тайғанап, аударылды.

Салдарынан 14 жолаушы, соның ішінде жергілікті гид пен жүргізуші зардап шекті. Олардың екеуі ауыр халде, деп хабарлады РОСБАЛТ.
Апат Анталияның жағалаумаңы курорты орналасқан Жерорта теңізі мен Конья қаласының арасындағы жол учаскесінде болды, онда 13 ғасырдың шіркеуі орналасқан.