Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан астаналықтар поляк футболшыларымен кездесу өткізді

АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Астананың «Локомотив» клубы Польшаның Хожува қаласының «Рух» командасындағы әріптестерімен кездесу өткізді,

 Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан астаналықтар поляк футболшыларымен кездесу өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 3:2 есебімен поляк футболшыларының жеңісімен аяқталды. Бұл ойында астаналықтар сапында сынақта жүрген Игорь Бугаев қарсыластар қақпасына өзінің төртінші добын соқты. Бұған дейін ол Ресейдің Нальчик қаласының «Спартак» командасымен болған алғашқы кездесуде қос авторы атанған еді. Боснияның Баньска Лука қаласының «Борац» клубымен өткен екінші ойында оны үшке жеткізді. Енді оны ертең Польшаның келесі бір клубымен өтетін бұл жиындағы 4-ші кездесуде одан ары ұлғайтуға да мүмкіндігі бар. Жалпы «Локомотив» «Спартакпен» тең түсіп (2:2), «Борвацты» 2:1 есебімен ұтқан еді.