Түркияда шахтада болған апаттың салдарынан 15 кенші жер астында қалып қойды

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат -  Түркияда  шахтада  болған   төтенше  оқиғаның салдарынан  15  кенші  жер астында қалып қойды, 

Түркияда   шахтада  болған  апаттың салдарынан 15  кенші жер астында қалып қойды

деп   хабарлайды Associated Press агенттігі  жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме  жасап.

Оқиға   елдің  солтүстік-батысындағы   Бурса  уәлаяты    елді мекендерінің бірінде  орын  алды.  Кейбір  мәліметтер  бойынша,      жыныс  қабатының  құлауына     жер астындағы  метанның  жарылуы  себеп болған, соның салдарынан   кеншілер   220 метр тереңдікте    қалып  қойған.    Қазір   іздеу-құтқару    жұмыстары жүргізілуде.