08:11, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Түркияда шахтада болған жарылыстың салдарынан 50 адам жер астында қалып қойды
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Түркияның Балыкесир провинциясында шахтада болған жарылыстың салдарынан 50-ге жуық жұмысшы үйінді астында қалып қойды. Анадолы агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар кешегі күнгі кешкі жағдай бойынша жер астынан 23 адамды шығара алған.
Шахтерлардың біреуінен ғана «тіршілік белгісі байқалмаған», қалғандары жақын маңдағы ауруханаларға түрлі сынық, күйік жарақаттарымен және улану салдарларымен жеткізілген.
Оқиға орнында құтқарушылар мен медиктер бригадасы адамдарды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.