14:17, 15 Сәуір 2022 | GMT +5
Түркияда соңғы тәулікте 5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған
АНКАРА. ҚазАқпарат – Соңғы тәулікте Түркияда коронавирусқа 182 мың 446 тест тапсырылды. Соның ішінде 5127-сі оң нәтиже берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Anadolu Ajansı» сілтеме жасап.

16 мың 783 адам жазылып шықты, бір тәулікте көз жұмғандар саны 21 адамды құрады. Түркияда енгізілген вакцинаның жалпы саны 147 млн 301 мың 11 дозаға дейін өсті. 18 жастан асқандар арасында вакцинаның екінші дозасын алғандар саны 85,4%-ды, ал бірінші дозаны еккендер үлесі - 93,12%-ды құрады. Түркияда ересектер арасында вакцина алу көрсеткіші бойынша мына өңірлер көш бастап тұр: Османие, Орду, Амасья, Мугла, Кыркларели, Чанаккале, Эскишехир, Балыкесир, Маниса мен Зонгулдак.