Түркияда теміржол апарының салдарынан ондаған адам жарақат алды

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Түркияның солтүстік-батысында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан ең аз дегенде 32 адам зардап шекті,
None
None

деп хабарлайды Associated Press.

Оқиға Ыстамбұлдан 100 шақырым жердегі Коджаели провинциясында орын алды. Әзірге анықталмаған себептермен екі пойыз қарсы келіп қалған және машинистер соқтығысудың алдын ала алмаған.

Барлық зардап шеккендер оқиға орнына жақын жердегі ауруханаға жедел жеткізілген. Қалған жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілген. Оқиғаның себебі әзірге анықталған жоқ.

Түркияда соңғы жылдардағы ең үлкен теміржол апаты 2004 жылы орын алған еді. Ыстамбұл-Анкара экспресі рельстен шығып кетіп, оқиға салдарынан 37 адам опат болған.

Соңғы жаңалықтар