03:24, 01 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Түркияда туристер санының артуы экономикасына серпін берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Түркияның 2017 жылғы экономикасының өсімі 2,6%-дан 3,7%-ға өседі деп болжап отыр, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.

2016 жылдың соңғы тоқсанында Түркия экономикасының өскені байқалды және осы оң көрсеткіш үстіміздегі жылдың бірінші жартысында да жалғасын тапты. Осыған орай Moody's сарапшылары Түркия экономикасы 2017 жылғы болжаммен 2,6%-дан 3,7%-ға ал 2018 жылы 3,2%-ды құрайды деп есептейді.
Сарапшылар Ресей мен Израильден келетін туристердің артуын, экономикаға жаңа қарқын беру бойынша қадамдарды, атап айтқанда, салық деңгейінің төмендетілуі мен несие кепілдіктерін беру шараларын, сондай-ақ ЕО елдеріне экспорттың өсуін ел экономикасына серпін беріп отыр деп есептейді.