07:59, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Түркияда үкіметке қастандық ойлады деген күдікпен 14 әскери қолбасшы ұсталды
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Түркияда үкіметке қарсы қастандық ойлады деген айыппен 14 әскери қолбасшы тұтқындалды, деп хабарлады елдің құқық қорғау органдарының өкілдері. Дерек көздер сонымен бірге, қазіргі таңда күдіктілердің тергеліп, олардың үйлерінде тінтулер жүргізіліп жатқанын мәлім етуде,
деп хабарлайды «Ассошиейтед Пресс» агенттігі.
Ішінде елдің әскери-әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы, 3 генерал және 10 полковник бар әскерилердің ұсталуы, ел премьер-министрі Реджеп Ердоған жетекшілік ететін, елде билік жүргізуші исламшыл Әділдік пен даму партиясы мен оппозицияшыл күштердің арасындағы билік үшін таластың қаншалықты күрделі екенін көрсетіп отыр.