Түркияда жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 4 адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия полициясы елдің оңтүстік-шығысында Анкарадағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адамды ұстады, деп хабарлады Anadolu мемлекеттік агенттігі.

Түркияда жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 4 адам ұсталды

Агенттік ақпаратынша, күдіктілер Сириямен шекарада орналасқан Шанлыурфа қаласында қолға түскен. Осыған дейін Түркия полициясы жарылған автомобильдің осы қаладан сатып алынғанын анықтаған еді.

Ұсталғандардың барлығы Анкараға жеткізілді.