Түркияда зымыран жасайтын зауыттағы жарылыстан 5 адам көз жұмды

None
Photo: Anadolu Agency
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі MKE қорғаныс компаниясындағы жарылыстан қызметкерлер қаза тапқанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Анкара провинциясының Эльмадағ ауданында орналасқан зымыран техникасы мен жарылғыш зат шығаратын MKE («машина және химия өнеркәсібі») зауытында жарылыс болған.

Оқыс жағдайдан бес қызметкер көз жұмды.

Бұл туралы сенбіде Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ведомство 10 маусым күні таңертең болған қайғылы оқиғаны әкімшілік тергеу басталғанын атап өтті.

Жағдайды құқық қорғау органдары зерделеп жатыр.

Зауыт қызметкерлерінің жақындары кәсіпорынның алдына жиналып, қандай да бір хабар күтіп тұр.

Зардап шеккен біраз жұмысшы жедел жәрдем көлігімен төңіректегі ауруханаларға жеткізілген. Кейбірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.


Соңғы жаңалықтар
telegram