Түркиядағы жер сілкінісінен қанша адам зардап шеккені белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – РИА Новости басылымының хабарлауынша, жерасты дүмпулері Түркияның Мармарис курортының маңында тіркелген. Ошағы 67 шақырым тереңдікте орналасқан. 

Түркиядағы жер сілкінісінен қанша адам зардап шеккені белгілі болды
Фото: pexels.com

Түркия Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар агенттігі (AFAD) жер сілкінісі кезінде үрейленіп қашқан 14 жастағы қыздың қаза болғанын хабарлады.

Төтенше жағдай салдарынан қирау тіркелген жоқ, бірақ зардап шеккен адамдар бар.

– 69 азамат биіктен секіргеннен кейін зардап шеккен. Қазіргі уақытта олардың 46-сы ауруханада жатыр, - деп хабарлады Ішкі істер министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияда 5,8 магнитудалық жер сілкінісі болғанын хабарлаған болатынбыз. Жер сілкінісінің ошағы Эгей теңізінде орналасқан. 

Соңғы жаңалықтар