Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1651-ге жетті
«Қазірге дейін Кахраманмараштағы жер сілкінісі салдарынан 1651 адам қаза тауып, 11119 адам жарақат алды. 3471 ғимарат қираған», - деді ол.
Министр бірінші жер сілкінісінен бері облыста 147 рет қайталанған жер сілкінісі тіркелгенін атап өтті.
«10 провинцияда ауыр шығын тіркелді», - деп қосты ол.
Кожаның айтуынша, Искендерун қаласындағы Хатай провинциясында мемлекеттік аурухана қирап, қаладағы тағы бір үлкен аурухананың ғимараты қатты зақымданған.
«Қираған аурухананың үйінділері астында науқастар мен қызметкерлер бар, құтқару жұмыстары жүргізілуде», - деді министр. Медициналық мекемелерде орын тапшылығына байланысты зардап шеккендер басқа қалаларға емделуге жіберілуде. Бұл үшін, Кожа айтқандай, авиация белсенді түрде қолданылып жатыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісіне байланысты Түркияда жалпыұлттық аза тұту жариялаған.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің салдары Сирияда, тіпті Грузияда да сезілуде. Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан және зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға елдің оңтүстік-шығысында көптеген құрбан болғанына байланысты көңіл айтты.
Бауырлас халыққа АМАНАТ партияластары да көңіл айтты. Қазақстан да Түркияға шұғыл көмек көрсетеді.