Түркиядағы зілзала: 205 сағаттан соң үйінді астынан әйел құтқарылды

КАХРАМАНМАРАШ. Анадолы – ҚазАқпарат - Кахраманмараш провинциясындағы жер сілкінісіінен кейін 205 сағаттан соң үйінді астынан әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

Түркиядағы зілзала: 205 сағаттан соң үйінді астынан әйел құтқарылды

35 жастағы Айшегюль Байыр Оникшубат ауданындағы ғимарат үйіндісінен шығарылды. Құтқарушылар оны үйінді астынан алып шығу үшін 5 метр туннель қазған.

Еске салсақ, 6 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болған.

Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Қазақстандықтар Түркия халқына көмек ретінде 100-ге жуық киіз үй жібереді.

Қазақстан Үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді.

Қазақстандықтар жіберген 84 киіз үй Түркияға жеткізілді. Бұған дейін Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар бірнеше киіз үй орната бастады.