Түркияның Измир қаласында жарылыс болып, 5 адам қаза тапты

Түркиядағы мейрамханада газ жарылды
Фото: azertag.az

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның Измир провинциясының Торбалы ауданындағы мейрамханада болған жарылыс салдарынан алдын ала мәлімет бойынша бес адам қаза тауып, тағы 57 адам жарақат алды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, өрт сөндірушілер Айранджилар орамында орналасқан мейрамханадағы өртті ауыздықтады.

Түркия Әділет министрлігінің басшысы Йылмаз Тунч әлеуметтік желіде хабарлағанындай, жергілікті уақыт бойынша сағат 14:43-те болған қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр. 
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.

Измир губернаторы Сүлейман Эльбан журналистерге жарылыстан айналадағы 11 ғимараттың зақымдалғанын айтты. 

Билік өкілдері оқиғаға газдың жарылуы себеп болғанын жоққа шығармайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram