Түркияның оңтүстігінде 5 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін таңертең Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 5 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпу көршілес төрт өңірде де сезілді, бірақ зардап шеккендер жоқ, ғимараттар қирамаған, деп хабарлайды ТАСС.
Түркияның апат салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметіне сүйенсек, әзірге дүмпудің салдары байқалмайды.
— Адана провинциясының Саимбейли ауданында таңғы сағат 4:02–де болған және Кахраманмараш, Османие, Кайсери және Газиантеп провинцияларында сезілген 5 балдық жер сілкінісінен кейін қазіргі уақытта ешқандай жағымсыз әсер тіркелген жоқ. Ауданды зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген AFAD түрік газетінде жарияланған мәлімдемеде.
Адана провинциясының әкімшілігі де жер сілкінісінен кейін ғимарат қирағаны туралы төтенше жағдайлар қызметіне ешқандай қоңыраулар түспегенін хабарлады. AFAD мамандары мен басқа да тиісті мекемелер аймақты зерттеуді жалғастырады, билік жағдайды бақылап отыр.
Еске сала кетейік, сенбі күні Қытайда 4,4 балдық жер сілкінісі болған.
Ал оған дейін бір күнде екі рет жер сілкінісі тіркелген болатын.
Нұрлан Тұяқов