Түркияның шаңғы курортындағы өрттен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – СІМ

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Түркияда болған алапат өрттен отандастарымыздың зардап шекпегенін мәлім етті. 

Түркияның шаңғы курортындағы өрттен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – СІМ
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

- Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйден шыққан өрттен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар ма? - деп сұрады агенттік тілшісі. 

 Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров:

- Біздің азаматтар болған жоқ, - деп жауап берді.

Айта кетейік, Түркияның тау шаңғы курортындағы өрттен қаза тапқандар саны 76-ға жетті. 

Еске салайық, Түркияның Болудағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы өртке байланысты ауыр қайғыны бастан кешуде. Өрт құрбандарының көп болуына байланысты 22 қаңтар елде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Соңғы жаңалықтар