Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысында жүргізушіге 45 мәрте жол тәртібін бұзғаны үшін 1 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Алайда ол айыппұлды осы кезге дейін төлемеген. 

Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
Фото: видеодан алынған скрин

Түркістан облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, рейдтік іс-шара барысында Сайрам ауданында үш тәулік ішінде профилактикалық жұмыстар нәтижесінде 78 борышкер берешектерін өтеген.

— «Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы «Changan» маркалы автокөлік иесінің 1 млн 300 мың теңге көлеміндегі берешегі анықталды. Бұл қарыз жүргізушінің 45 рет жол қозғалысы ережесін бұзу деректеріне қатысты тіркелген. Көлік айыптұраққа қойылды, — делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған жайт толықтай полиция қызметкерлерінің бейнежетондарына тіркелген.

Бұдан бұрын Түркістанда бетін маскамен жапқан екі ер адам бейнекамераларды қасақана бүлдіргенін жазған едік