Түркістан облысында агродрондар өндірісі іске қосылды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қажеттілігіне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыратын зауыт өз жұмысын бастады.

с
Фото: АШМ

«Avatar Agricultural Technology Development» серіктестігі қолға алған бұл жоба арқылы жылына 500 дана техника өндіруге болады.
Агродрондар ауыл шаруашылығы дақылдарын бүрку жұмыстарын жүргізуге арналған. Ұшқышсыз бір аппараттың өзі 70 литрге дейін жұмыс сұйықтығын көтеріп, 5 гектарға дейінгі егіс алқабын қамтамасыз ете алады.

а
Фото: АШМ

Жаңа технология ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге алқаптарды өңдеу тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және еңбек өнімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

м
Фото: АШМ

 



Қазірдің өзінде компания агродрондарды жеткізуге 20 тапсырыс қабылдап үлгерді. Алдағы уақытта кәсіпорын өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Осы ретте келесі жылдан бастап өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруді игеруді жоспарлап отыр.

ІІМ криминалистері дрондарды пайдалануды меңгеріп жатқанын жазған едік.