Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркістан облысында асармен салынып жатқан мектеп-интернат ғимараты заңдастырыла ма

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Манкент ауылында асар жолымен басталған №6 мектеп-интернат құрылысына қажет құжаттар рәсімделмеген. Қазір нысан құрылысын заңдастыру мүмкіндігі қаралып жатыр.

ы
Фото: видеодан алынған скрин

Бұл мектеп-интернат 1954 жылы пайдалануға берілген. Ғимарат 180 орынға арналған. 2025-2026 оқу жылында мұнда 155 оқушы білім алған.

а
Фото: видеодан алынған скрин

Сайрам аудандық білім бөлімінің мәліметінше, мектеп ғимараты қолданысқа берілгеннен бері күрделі жөндеуден өтпеген. Білім ошағында есіктер, жиһаздар ескірген, жатақхана қабырғаларында жарықтар пайда болған. Сондай-ақ асхана барлық оқушыны бір мезгілде тамақтандыруға бейімделмеген.

у
Фото: тұрғындардан

Қазір мектеп-интернатта әлеуметтік қолдауды қажет ететін, аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балалар білім алып, тәрбиеленеді.

– Ғимараттың жағдайын ескере отырып, ауыл тұрғындары өз бастамасымен және демеушілік қаражат есебінен жаңа ғимарат құрылысын бастаған. Алайда құрылыс асар жолымен жүргізілгендіктен, оны бастауға және жүргізуге қажетті құжаттардың ресімделмегені анықталды, – делінген аудандық білім бөлімі ұсынған ақпаратта.

в
Фото: видеодан алынған скрин

Таяуда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Дауылбаевтың Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында аталған құрылысты заңдастыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.

ы
Фото: видеодан алынған скрин

Құзырлы органдардың қорытындысы ұсынылғаннан кейін құрылысты одан әрі жалғастыру мәселесі қаралады.

в
Фото: видеодан алынған скрин

Бұған дейін Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен 30 әлеуметтік нысан салынып жатқаны туралы жазған едік. 

к
Фото: тұрғындардан