Түркістан облысында ауыл тұрғыны әлеуметтік желіде экстремистік материалдар таратқан

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚКД қызметкерлері экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдіктіні ұстады.

экстремизм
Фото: Түркістан облысы ПД

Сайрам ауданының тұрғыны діни экстремизмнің жақтаушысы ретінде әлеуметтік желі арқылы радикалды уағызшылардың бейнероликтері мен терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан.

дін
Фото: Түркістан облысы ПД

Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер діни бағыттағы 300-ге жуық кітапты, ноутбук және өзге де заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі.

«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар