Түркістан облысында браконьерлерден 130 келіге жуық балық тәркіленді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Полицейлер Шардара су қоймасында жүргізілген рейд барысында екі жергілікті тұрғынды анықтады. 

Түркістан облысында браконьерлерден 130 келіге жуық балық тәркіленді
Фото: polisia.kz

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері су биоресурстарын қорғау жөніндегі инспекторлармен профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында заңсыз балық аулаудың жолын кесті.

Полицейлер Шардара су қоймасында жүргізілген рейд барысында екі жергілікті тұрғынды анықтады.

Браконьерлер қайық және балық аулау торларының көмегімен 130 келіге жуық балықты заңсыз аулаған.

Биоресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетелік Қызылорда облысында браконьерлерден 2,3 млн теңге айыппұл өндірілген еді