Түркістан облысында қалың тұманға байланысты жүргізушілерге жолда сақ болу ескертілді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында бірқатар жолдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге ескерту жарияланды.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Шымкент-Самара тас жолының 116-149 шақырым аралығында және Келес ауданы арқылы өтетін республикалық маңызы бар А-15 Жібек жолы - Жетісай тас жолының 210-130 шақырым аралығында қалың тұман түсуіне байланысты көріну қашықтығы күрт төмендеген.

– Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауды сұраймыз, – деді облыстық ПД патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Бигелді Ботабеков.

Бұдан бұрын Қазақстанда 6 қаңтарда республикалық маңызы бар қай жолдар жабық екенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар