Түркістан облысында Көксарай контрреттегішін механикалық тазарту жұмыстары басталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы Көксарай контрреттегішінің бас гидроторабында механикалық тазарту жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта нысаннан лай мен құм арнайы техника арқылы шығарылып жатыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.

Көксарай контрреттегіші
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
– Бұл жұмыстар тасқын кезеңінде еріген суды қауіпсіз өткізу үшін жүргізіліп жатыр Көктемгі кезеңде Арал теңізін толтыру және Қызылорда облысының егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету үшін Көксарай контрреттегішінен Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу басталады, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Көксарай контрреттегішінің сыйымдылығы – 3 млрд текше метр. Нысанның негізгі мақсаты – Сырдария өзені бассейнінде су тасқынының алдын алу, Шардара су қоймасына түсетін еріген су көлемін реттеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен жергілікті экожүйелерді тұрақты сумен қамтамасыз ету.

Еске сала кетейік, бқған дейін Түркістан облысында вегетация кезеңі аяқталып келе жатқанын жазған едік. Өңірдегі шаруа қожалықтары суармалы суды дер кезінде жеткізіп отырғаны үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғыс білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар