Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 12 шетелдік ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — 12 шетел азаматының экскаватор мен жүк автокөлігін пайдалана отырып заңсыз жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізгені анықталды. 

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 12 шетелдік ұсталды
Фото: POLISIA.KZ


Түркістан облысында полиция қызметкерлері тарапынан көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу, шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз жер қойнауын пайдалануға қарсы іс-қимыл бағытында тұрақты түрде жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мәселен, Түлкібас ауданының аумағында көші-қон заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Тексеру барысында 12 шетел азаматының экскаватор мен жүк автокөлігін пайдалана отырып заңсыз жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізгені анықталды.

Құқық бұзушылардың барлығына қатысты көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар жинақталып, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін қабылдаушы тарапқа да әкімшілік шара қолданылды. 

Тәртіп сақшыларының дер кезінде араласуының нәтижесінде шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметінің жолы кесіліп, заңсыз жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде көші-қон заңнамасының одан әрі бұзылуына жол берілмеді.

Айта кетелік Алматыдағы заңсыз ойын бизнесіне қатысы бар шетелдік елге қайтарылды