Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 16 адам жауапқа тартылды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Өңірде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. 

Түркістан облысы
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Ордабасы ауданында көші-қон заңнамасын бұзған 16 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 12 шетелдік және 4 Қазақстан Республикасының азаматы бар.

— Іс-шараға көші-қон қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, криминалдық және патрульдік полиция қызметі жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу және миграциялық заңнаманы сақтау қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте тегін концерт ұйымдастырған сауда орталығының басшылығы жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар