Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 181 адам жауапқа тартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Жетісай ауданында көші-қон заңнамасын бұзудың 181 фактісі анықталды. 

Көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам дерегіне тосқауыл қойылды 
Фото: Polisia.kz

Жетісай ауданының прокуратурасы аудан аумағында көші-қон заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында тіркеусіз жүруі және заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері анықталды.

— Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 181 тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, мемлекет кірісіне 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді, — делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетелік Алматы облысында ЖИ заңсыз көші-қон деректерін анықтауға көмектескені туралы жазған едік.