Түркістан облысында мемсатып алуда 8,2 млрд теңгеге негізсіз 263 келісімшарт түзілген

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің аяқталған жалпы сомасы 293,8 млрд теңгені құраған.

госзакупки
Фото: freepik.com

Талдау жұмыстарының нәтижесінде, облыс көлеміндегі мемлекеттік сатып алудың бір көзден сатып алу тәсілі арқылы жыл басынан заң талаптарына сәйкес келмейтін жалпы сомасы 8,2 млрд теңгені құрайтын негізсіз түзілген 263 келісімшарт анықталған.

Түркістан облысы мәслихатының мәліметінше, өңірде заң талаптары сақталмаған 604 құрылыс нысаны белгілі болған.

Есепті кезеңде құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 613 өтініш қабылданып, 291-і қанағаттандырылған, 219-ы дәлелді бас тартылған. Оның ішінде, лицензия алуға қатысты 151 өтініш тіркеліп, 42 өтініш бойынша дәлелді бас тартылса, 109 өтініш қанағаттандырылған.

– Облыс бойынша биылғы 10 айда 1282 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, бақылауға алынған. Құрылысы аяқталып, заң талаптарына сай пайдалануға қабылданған нысандар саны – 958. Оның 279-ы бюджеттік, 679-ы жеке және инвестициялық жоба. Тиісті басқарма тарапынан өз бетінше салынған 30 заңсыз жеке кәсіпкерлік нысандарды мәжбүрлеп бұздыру туралы талап-арыздар сотқа жолданып, 5 нысанды бұзуға сот шешімі шықққан. 25 іс сотта қаралып жатыр, - делінген облыс мәслихаты таратқан ресми ақпаратта.

Бұдан бұрын Түркістан облысында жерді заңсыз пайдаланып, пайдалы қазба өндіргендер анықталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар