Түркістан облысында мереке қарсаңында 3 медициналық нысан ел игілігіне берілді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Бүгін Сайрам, Түлкібас және Ордабасы ауданына қарасты ауылдарда жаңадан салынған үш дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. 

Түркістан облысында мереке қарсаңында 3 медициналық нысан ел игілігіне берілді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Биыл Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Оның ішінде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынуда.

Түркістан облысында мереке қарсаңында 3 медициналық нысан ел игілігіне берілді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Жалпы облыс бойынша жыл соңына дейін 48 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Біреуі жеке инвестор есебінен салынады. Басым көпшілігінің құрылысы аяқталған. Жаңадан ашылатын нысандар тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған. Ауыл тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек түрлерін көрсетеді. Ал ескі ғимаратта болған ФАП-тардың бірқатары жаңа нысанға ауыстырылады.

Түркістан облысында мереке қарсаңында 3 медициналық нысан ел игілігіне берілді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Сайрам ауданындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

– Бүгін облыста биыл салынған 49 дәрігерлік амбулаторияның алғашқысының ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Өңірде ұлттық жобадан тыс, облыс және инвесторлар қаржысы есебінен 6 нысанның құрылысы іске асырылды. Осы нысандар арқылы ауылдар мен елді мекендердің 90 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекпен қамтылады, - деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысында мереке қарсаңында 3 медициналық нысан ел игілігіне берілді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдағы нысанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетіледі. Медициналық мекемеде жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдау бөлмелері, әйелдер бөлмесі, күндізгі ем қабылдау, емдік дене шынықтыру, екпе егу, ем-шара, сүзгі бөлмесі бар, сонымен қатар медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. 

Түркістан облысында мереке қарсаңында 3 медициналық нысан ел игілігіне берілді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Түркістан облысында мереке қарсаңында 3 медициналық нысан ел игілігіне берілді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Осы күні Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Абайыл елді мекенінде жаңа медициналық тірек құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Сонымен бірге Ордабасы ауданы, Қарабастау ауылында заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары медициналық нысандардың ашылғанына қуаныштарын жасырмай, ел азаматтарына алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар