Түркістан облысында немересі әжесінің 3 млн теңгесі мен әшекейлерін ұрлап кеткен

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысы Сауран ауданында пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті анықталды.

ұрлық, полиция
Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

Полицияның мәліметінше, күдікті жәбірленушінің немересі болып шықты. Ол үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, түскі уақытта жатын бөлмедегі сейфті бұзып, ішінен 3 млн теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған.

әшекей, алтын
Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

– Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен – 7 млн теңге. Күдікті ұрлаған бұйымдарды алтын сататын дүкендердің біріне өткізіп жіберген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті заңды шаралар қабылданды. Қылмыстық іс дәлелдемелермен жинақталып, сотқа жолданды, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Енді әжесінің мүлкіне қол салған немересі заң алдында жауап бермек.

Бұдан бұрын түркістандық әйелдің өз үйінен 8,5 млн теңгенің алтынын қолды еткенін жазған едік. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті ұрланған алтын бұйымдарды ломбардтарға өткізіп, түскен ақшаны құмар ойындарға жұмсағаны анықталған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум