Түркістан облысында полиция инспекторы қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Түркістан облысында құқық бұзушыны қуу кезінде жол-патрульдік полиция инспекторы көз жұмды.

жол полициясы
Фото: Алматы полиция департаменті

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

— Қызметтік міндетін атқару барысында құқық бұзушыны қуу кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Қанат Ғабитов
Фото: facebook.com/erzhansadenov

Осыған дейін ақпан айында Жамбыл облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар