Түркістан облысында QR-код арқылы ветеринар мамандардың жұмысын бағалауға болады

Түркістан облысында QR-код арқылы ветеринар мамандардың жұмысын бағалауға болады, деп хабарлайды Kazinform.

QR-код тизими
Фото: pixabay.com.

Отырар ауданында «Ветеринария саласын жетілдіру – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі» атты семинар-кеңес өтті. Онда жануарлардағы ауру түрлерінің алдын-алу мен тиімді күресудің жолдары талқыланды. Сонымен қатар ветеринар мамандардың жаңа формасы таныстырылды.

Ондағы басты ерекшелік - енді азаматтар ветеринардың киімінің кеуде тұсындағы QR код арқылы маманның жұмысына баға бере алады.

Сондай-ақ, семинарда ветеринария саласын реформалау, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындау сынды маңызды тақырыптар талқыланды.

«Ветеринария саласын жетілдіру мақсатында республикамызда алғашқы рет пилоттық жоба ретінде Түркістан облысында орталықтандырылған «Ветеринариялық қызмет» мекемесін құру бойынша облыс әкімінің қаулысы қабылданды. Бұл аудан-қалалардағы 17 «Ветеринариялық қызмет» орталықтарын оңтайлы басқару мен бақылау жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді» - деді облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы.

Соңғы жаңалықтар