Түркістан облысында іске қосылатын кәсіпорын 70 адамды жұмыспен қамтиды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Өңірде кептірілген жемістерді жаңа технологиямен шығаратын кәсіпорын ашылады. Жаңа жобаға ауғанстандық инвесторлар есебінен 1 миллион АҚШ доллар көлемінде инвестиция салынады.

Түркістан облысы әкімдігі
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

«Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев шетелдік инвесторлармен кездесіп, келіссөз жүргізді. Нәтижесінде «Түркістан» ӘКК» АҚ және «TURKISTAN INVEST» ИТЭДАА» ЖШС-мен «Талифа» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Кәсіпкерлер дайын өндіріс алаңын және экобазар аумағындағы сақтау қоймаларын аралап көрді. Инвестициялық жобаның басты мақсаты – сұранысы жоғары кептірілген дайын өнімдерді облыс аумағынан шығарып, жергілікті тұрғындарды жеміс-жидектермен қамтамасыз ету. Кептірілген жемістерді «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығару. 

Кептірілген жемістердің кең ассортиментін дайындау мақсатында жергілікті кооперативтер мен жеке шаруашылықтарға инновациялық технологияны енгізу мен тарату жоспарлануда. Сондай-ақ ауқымды жоба халықты қосымша жұмыспен қамтамасыз етуге де ықпал етеді. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда жергілікті 70 адам жұмыспен қамтылады.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында қуаты 1000 мвт-қа жететін бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатқанын жазған болатынбыз.

Жаңа жобаның құрылысы 2024 жылы басталып, 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстары жүргізу барысында 2 мыңнан астам уақытша, жоба толық іске қосылғанда 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Соңғы жаңалықтар