Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркістан облысында тауешкінің лағын таяқпен ұрып жатқан видео тарады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысында тұрғындардың тауда жабайы аңдардың тіршілігіне кедергі келтіріп, қауіп төндірген бейнежазбасы көпшіліктің алаңдаушылығын тудырды. 

Түркістан облысында тауешкінің лағын таяқпен ұрып жатқан видео тарады
Фото: видеодан алынғын скрин

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада екі адамның тау бөктерінде жабайы жануарды үркітіп, таяқпен ұрған сәті көрінеді

Оқиғаның Созақ ауданына қарасты Қозмолдақ елдімекені аумағында болғаны анықталды. Осыған байланысты аудан әкімдігі түсініктеме берді.

— Бейнежазбада көрсетілген мәліметке сәйкес, Қозмолдақ елдімекенінің жасөспірімдері тау бөктерінде жүрген кезде тауешкінің лағына кезіккен. Қызығушылық танытқан жасөспірімдер жануарды ұстап көруге әрекет жасаған. Аталған жағдай барысында тау жануарына ешқандай зиян келмеген, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

— Түсіндіру барысында табиғат аясында жабайы жануарларға жақындамау, олардың табиғи тіршілігіне кедергі келтірмеу және қоршаған орта мен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарау қажеттігі айтылды, — деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін жануарларға қатыгездік көрсеткендер 400 мың теңгеге жуық айыппұл төлейтіні туралы хабарлаған едік