Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірім іздестіріліп жатыр
АСТАНА.KAZINFORM - Кентау қаласында 2010 жылы туған Дамир Сүлеймен атты жасөспірім жоғалып кетті. Ол 9 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған.
Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе «102» арнасына хабарлауды сұрайды.
Айта кетелік Оралда ер адамды өлтіріп, халықаралық іздеуде жүрген қаскөй ұсталған еді.