Түркістан облысында жануарларды жаю қағидасын бұзған 3 мыңнан астам тұрғын жауапқа таратылды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында Полиция департаменті қызметкерлерінің бастамасымен мал ұрлығы қылмысының алдын алу бағытында арнайы жұмысшы тобы құрылды.

мал жаю
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ветеринариялық бақылау мен қадағалау, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері еніп отыр.

Сала мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік жұмыстарының қорытындысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзған 3 346 тұрғын анықталып, оларға шара қолданылды. Одан бөлек, мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу бабымен 580 тұрғынға қатысты хаттама толтырылды.

«Жайылымды жерлерде қараусыз жүрген үй жануарларын азайту мақсатында «жергілікті атқарушы орган – халық – бақташылар» арасында үш жақты келісімшарт жобасы жасалған болатын. Бүгінде бұл бағытта 4 529 келісімшарт түзілді. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал жаю қағидаларын сақтауды және төрт түлікті қараусыз жібермеу керектігін ескертеді. Сондай-ақ, бақташы жалдауға кеңес береді»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар