Түркістан облысында ЖРВИ-мен сырқаттанғандар саны артты

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Өңірде жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар қатары көбейген. 

Түркістан облысында ЖРВИ-мен сырқаттанғандар саны артты
Фото: Kazinform

2025-2026 жылдардағы эпидемиялық маусымда, яғни 1 қазаннан бастап облыс бойынша 116 348 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Оның 72 935-і немесе 62,7 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен жылы өңірде ЖРВИ инфекциясымен 327 446 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 13,9 пайызға жоғары.

– Тіркелген жағдайлардың 198 818-і, яғни 60 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. 2024 жылмен салыстырғанда аурушаңдық 31,6%-ға артқан. Тұмауға қарсы ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 271 348 дозасы бөлінген болатын. Профилактикалық егумен тиісті контингенттер толық қамтылып, нәтижесінде облыс тұрғындарының 12,8 пайызы вакцинацияланды, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұдан бұрын Түркістан облысында ЖРВИ-мен ауырған балалар 190 мыңға жуықтағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар