Түркістан облысында жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірген мас жүргізуші сотталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Арыс қаласында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жариялады.

Түркістан облысында жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірген мас жүргізуші сотталды
Фото: Kazinform

Түркістанда өткен сот процесіне судья Марат Күздеубаев төрағалық етті. Мемлекеттік айыптаушы 52 жастағы сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыруды және көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады. Прокурор сотталушының 14 жасқа толмаған баласы бар екенін ескеріп, жазаны өтеуді бір жылға кейінге қалдыруды ұсынды.

Қаза тапқандардың туыстары соттан кінәліге барынша қатаң жаза тағайындауды сұрады. Олар сотталушыны кешірмейтіндерін мәлімдеді.

Түркістан облысында жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірген мас жүргізуші сотталды
Фото: Kazinform

Бұған дейін мұғалім болып жұмыс істеген сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Сондай-ақ мүгедектігі бар кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеп отырғанын айтып, жазаны жеңілдетуді өтінді.

Түркістан облысында жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірген мас жүргізуші сотталды
Фото: Kazinform

Сот үкімімен әйел 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына шеттетілді. Жазаны өтеу бір жылға кейінге қалдырылды.

Түркістан облысында жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірген мас жүргізуші сотталды
Фото: Kazinform

Сондай-ақ сот жәбірленушілердің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талаптарын ішінара қанағаттандырды. Апат салдарынан қызынан айырылған Дана Үсімбек пен Ердәулет Сапардың пайдасына талап етілген 20 млн теңгенің орнына 15 млн теңге өндірілетін болды. Жол апатынан әйелдің өзі мен ұлы да жарақаттанған.

Түркістан облысында жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірген мас жүргізуші сотталды
Фото: Kazinform

Баласынан айырылған Самат Айдаровқа 10 млн теңге өтемақы тағайындалды. Ол 50 млн теңге талап еткен. Ал Айдана Искакованың туған әпкесінің қазасына байланысты моральдық зиян ретінде 10 млн теңге өндірілді. Ол бастапқыда 15 млн теңге талап еткен.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым түсіруге болады.

Түркістан облысында жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірген мас жүргізуші сотталды
Фото: Kazinform

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылғы 6 маусымда Арыста болған. 

Іс материалдарына сәйкес, JAC көлігін тізгіндеген әйел алкогольдік масаң күйде болған. Ол жеке үйдің жанындағы орындықта отырған адамдарды көлігімен қағып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Жол апатынан үш адам — 29 жастағы жүкті әйел, оның екі жасар ұлы және бес жасар қыз бала қаза тапты.