Түркістан облысындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы болды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Отырар ауданының Шәуілдір ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі — газ жүйесіне өздігінен қосылу әрекетінен болған. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Түркістан облысындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы болды
Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды, бірнеше пәтерге зиян келгені тіркелді. Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Газға өз бетімен қосылуға қатаң тыйым салынады, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне зор қауіп төндіреді. Газ жабдығын қосу мен қызмет көрсету жұмыстарын тек лицензиясы бар мамандар ғана жүргізуі тиіс, — деп ескертті «QazaqGaz Aimaq» АҚ.

Бұған дейін Түркістан облысында 1 кент пен 32 елдімекенге газ беру уақытша тоқтатылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар