Түркістан облысының экология департаментіне жаңа басшы келді
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша экология департаментінің басшысы лауазымына Байбатыр Базарбайұлы Мұсабек тағайындалды.
Ол 1998 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратурасын «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2018 жылы «КазАгроҚаржы» АҚ менеджері болып бастаған. 2019-2020 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, 2020-2021 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің сарапшысы қызметін атқарды. 2021-2025 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі, 2025 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.
2025 жылдың шілдесінен бастап Жамбыл облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары, Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы қызметін атқарып келді.
Бұдан бұрын ШҚО Табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған едік.