Түркістан облысы Жер ресурстары департаментінің басшысы пара алды деп күдікке ілінді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысын әшкереледі.  

пара алды деп күдікке ілінді
Фото: Freepik

Ол жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді ресімдеуге жәрдемдескені үшін Түркістан қаласының тұрғынынан 1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. 

Күдікті соттың санкциясымен 2025 жылдың 28 маусымында қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бұған дейін хабарланғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган ҰҚК құрамына өтетін болды. 
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылады. 

Соңғы жаңалықтар