Түркістанда 94 заңсыз құрылыс нысаны анықталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан қаласында заңсыз құрылыс нысандарына қатысты тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Түркістанда 94 заңсыз құрылыс нысаны анықталды
Фото: Түркістан қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі

Түркістан қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшеновтың айтуынша, шаһарда жыл басынан бері 94 заңсыз құрылыс нысаны анықталған.

– Оның ішінде 9 нысан өз еркімен бұзылып, 29 нысанға 15 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. 35 нысан қаралу үстінде, ал 22 нысан бойынша бұзу туралы сотқа жолданды, – деді Мұхит Көшенов.

Түркістанда 94 заңсыз құрылыс нысаны анықталды
Фото: Түркістан қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі

Спикердің мәліметінше, 2022-2026 жылдары қала аумағындағы заңсыз құрылыс нысандарына қатысты 14 сот шешімі шыққан. Оның ішінде 2 нысан бұзылып, 12-сі сот шешімінің орындалуында тұр.

Заңсыз құрылыс нысандарын анықтау және оларға қатысты тиісті шаралар қабылдау жұмыстары жалғасып жатыр.

Түркістанда 94 заңсыз құрылыс нысаны анықталды
Фото: Түркістан қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі

Айта кетейік, бұған дейін Түркістанның жаңартылған бас жоспарына сәйкес мемлекет мұқтажына алынатын жер көлемі 2700 гектардан 700 гектарға дейін қысқарғаны хабарланған болатын. Соның нәтижесінде 8 мыңға жуық жеке тұрғын үйді бұзу қажеттілігі жойылды.