Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркістанда дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Полицияның әлеуметтік желіге жүргізген мониторингі нәтижесінде Түркістандағы көшелердің бірінде BMW автокөлігінің жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, дрифт жасағаны анықталды.

Түркістанда дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: видеодан алынғын скрин

Тексеру барысында көлікті 19 жастағы жас жігіт басқарғаны белгілі болды. Құқық бұзушыға тиісті шара көріліп, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қоғамдық орындарда қауіпті маневрлер жасамауға және өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Айта кетелік Таразда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынған еді