Түркістанда көпқабатты үйлерде тәртіп бұзғандарға қанша айыппұл салынады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Көпқабатты тұрғын үйлерде қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы бақылау жұмыстары күшейтілді. 

Түркістанда көпқабатты үйлерде тәртіп бұзғандарға қанша айыппұл салынады
Фото: «Жастар Рухы» жастар қанаты

Қала әкімдігінің мәліметінше, енді үйдің ішкі ережелерін бұзған тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді. Белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл мөлшері де қарастырылған. Атап айтар болсақ;

• Кіреберісте темекі шегу — 58 000 теңге;

• Қоқысты есік алдына немесе контейнерден тыс тастау — 78 000 теңге;

• Вандализм (қабырғаға жазу, граффити салу, мүлікті бүлдіру) — 197 000 теңге немесе 20 тәулікке дейін қамау;

• Түнгі уақытта (22:00–09:00) тыныштықты бұзу — жеке тұлғаларға 19 600 теңге, кәсіпкерлерге 78 000 теңге;

• Кіреберіс дәлізге жеке заттар қою (велосипед, арба, қораптар және т. б.) — айыппұл салынады.

Ережені қайта бұзған жағдайда айыппұл көлемі сол мөлшерде тағы да есептеледі. Қалалық әкімдік тұрғындарды қоғам игілігі үшін ортақ тәртіпке бағынуға шақырады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістанда ақылды аялдамалар салынатындығын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар