Түркістанда «Көрісу күні - Амал мерекесіне» арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатында «Көрісу күні - Амал мерекесіне» арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Аталған іс-шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көрісу дәстүрінің мәні мен маңызы насихатталып, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды бағдарламалар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар қатысушылар ұлттық дәстүр аясында бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектер айтып, халқымыздың татулық пен сыйластыққа негізделген мәдениетін кеңінен танытты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, халқымыздың бай мұрасын ұлықтау және қоғамда дәстүр сабақтастығын дәріптеу.

Бүгін – наурызнаманың бастауы болып есептелетін Амал мерекесі. Осы орайда Амал күнінде кім кімге барып көрісу керек екені жайлы мәлімет ұсынуды жөн көрдік.

